6. Осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тестілеуге жататын адамдардың тегі бойынша тізімін ұйым басшылары АД аумақтық басқармасына ұсынады, ол қортынды ақпаратты АД-ға жібереді.
7. Меншік нысанына қарамастан, тестілеуді өткізуге жіберуді және COVID-19-ға материалдар алуды жүзеге асыратын АД, зертханалар мен медициналық ұйымдар осы қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес зерттелетін адамның барлық деректерін толтыра отырып, ПТР әдісімен COVID - 19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыруға және электрондық жолдаманы ҰСО Бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі - БИП) тіркеуді (рұқсат берілген сәттен бастап) қамтамасыз етуге міндетті.
8. Меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу жүргізуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және ұсынылған нысан бойынша есепті АД мен ДСБ-ға ұсынады.
9. АД-ы СОVID-19 барлық жаңа жағдайларын есепке алуды және тіркеуді және аурудың нәтижесін тіркеуді жүргізеді.
10. АД өз құзыретінің шегінде зерттеу нәтижелерін салыстыру, COVID-19 тестілеуді ұйымдастыру процесін бағалау үшін меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен тестілеуді өткізетін зертханаларға және медициналық ұйымдарға мониторингтік бару жүргізуге құқылы.
11. COVID-19-да тестілеуді жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан зертханалар мен медициналық ұйымдар мониторингтік баруларға АД рұқсат беруі және COVID-19-да тестілеуді өткізу мәселелері бойынша сұратылған ақпаратты ұсынуы тиіс.
12. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар зертханалық ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АЖЖ) ҰСО-ның ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етуі және зерттеу нәтижелерін бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету үшін ҰСО-ның талаптарына сәйкес COVID-19 (әрбір зерттеу бойынша) жүргізілген зерттеулер нәтижелерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.
13. ҰСО меншік нысанына қарамастан, covid-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдардың зертханалық ақпараттық жүйелерін ҰСО БИП-мен интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және үйлестіреді.
14. ҰСО-ы тестілеу нәтижелерін электрондық форматта және зерттеу хаттамаларын қағаз тасығыштарда салыстыру мақсатында АД үшін ҰСО АЖ-ға қолжетімділікке рұқсат береді.
15. Тиісті контингентті тестілеуді ұйымдастыру үшін бақылау, мониторинг және есеп беру АД басшысына жүктеледі.
16. ПТР әдісімен тиісті контингентті тестілеуді орындау бойынша есептілікті зертханалар меншік нысанына қарамастан АД-ға ұсынылған нысанға сәйкес күн сайын 2 реттен кем емес (сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, сағат 18-ден 19.00-ге дейін) ұсынады.
17. АД басшысы күніне кемінде 2 рет (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сағат 20-дан 21.00-ге дейін) бұлттық қоймаға ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуге жататын контингенттің есебін жинақтау, ұсыну бойынша жауапты адамды анықтайды.
18. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу өткізу мониторингі бойынша есеп беру нысандарын әзірлейді, бұлттық қоймаға орналастырады және АД-ның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
19. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен тестілеуге жататын контингентті тестілеу бойынша жиынтық және ақпаратты өңірлер бөлігінде 2 реттен кем емес (бірінші есеп 8.00 с., екінші есеп 17.00 с.) ұсынады.
20. ҚДСҰО-ы, ҰСО-ы COVID-19 диагностика әдістері бойынша зертханалардың мамандарына халықаралық ұсынымдарға (ДДҰ, CDC) сәйкес әдіснамалық көмек көрсетеді, медициналық ұйымдарды іріктеу, сақтау және биоматериалдарды тасымалдау техникасына оқытуды жүргізеді.
I. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тестілеуді ұйымдастыру
21. Инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылғандар және COVID-19 амбулаториялық емдеуде жүрген, ЖРВИ және пневмониялар белгілері бар науқастар:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады;
2) пациенттен алынған үлгі қоса берілген нысанға сәйкес ақпараттық жүйеде толтырылған жолдамамен сүйемелденеді және жолдаманы тиісті зертханаға жіберу қамтамасыз етіледі. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда зертханаға биоматериалмен бірге жіберіледі;
3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
4) тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлай отырып, беру уақыты, ақпаратты қабылдаған Т.А.Ә мен лауазымы журнаға тіркеліп, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
5) зертхана биоматериалды жіберген ұйымға ПТР-ның нәтижесін 12 сағат ішінде хабарламамен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы береді. МАЖ-ға ЗАЖ интеграцияланған жүйесі болған жағдайда зерттеу нәтижелері 2 сағат ішінде енгізіледі.
22. COVID-19 расталған диагнозбен байланыста болғандар арасындағы адамдар байланыс фактісі анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін:
1) СОVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген кезінде АД мамандары жақын байланыста болған адамдардың шеңберін белгілейді. Байланыста болғандарды анықтау осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
2) байланыста болған адамдарды тексеру үшін өтінім биоматериалды алу үшін ҰСО филиалына немесе медициналық ұйымға ұсынылады;
3) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы зерттелетін барлық деректерді электрондық жолдамаға, ҰСО ақпараттық жүйесіне толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және СЭБК АД маманының жеке кабинетінен (http://lis.nce.kz/kkkbtu) немесе медициналық ақпараттық жүйеде тиісті зертхана жібереді және электрондық форматта ҰСО-ның тиісті зертханасына жібереді;
4) байланыста болған адамдардан алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
5) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
6) тестілеуге жататын контингентке тестілеу жүргізетін зертхана тестіленуші адамдарда оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде аумақтық АД-ға телефон арқылы хабарлама беріп, журналға ақпарат қабылдаған адамның Т.А.Ә. және лауазымын белгілейді. Кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
7) АД оң нәтиже хаттамасының көшірмесін алған кезде МСАК-қа хабарлайды және СОVID-19 жаңа жағдайларының алгоритмі бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізеді;
8) зертхана зерттеу нәтижесін байланыста болған адамның тұрғылықты жері бойынша МСАК-қа немесе пациенттің хабарламамен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы 12 сағат ішінде береді. Интеграцияланған ақпараттық жүйе болған жағдайда зерттеу нәтижелері 3 сағат ішінде енгізіледі.
II. Профилактикалық мақсатта тестілеуді ұйымдастыру
23. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелер персоналы:
1) биоматериал сынамасын іріктеуді денсаулық сақтау ұйымының, медициналық-әлеуметтік мекеменің оқытылған медицина қызметкері және бекітілген тестілеу кестесіне сәйкес жүзеге асырады;
2) биоматериалдарды іріктеуді жүзеге асыратын медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтайды және тиісті ЖҚҚ-ны пайдаланады;
3) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
4) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
5) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдарда оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде аумақтық АД-ға және биоматериалды телефон арқылы жіберген ұйымға ақпарат қабылдап алған адамның Т.А.Ә мен лауазымы журналға тіркеп, хабарлайды, кейіннен АД-ға оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі 3 сағат ішінде беріледі;
6) зертхана биоматериалды жіберген ұйымға 12 сағат ішінде хабарлай отырып, электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасын береді. Интеграцияланған ақпараттық жүйе болған жағдайда зерттеу нәтижелері 3 сағат ішінде енгізіледі.
24. ҚР ҚМ, Ұлттық гвардия, ІІМ қарулы күштері қатарына шақырылушылар:
1) ведомстволық қызмет АД-ға әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу кестесін және күндер бойынша, бір апта, бір ай ішінде COVID-19 тестілеуге жататын адамдардың санын ұсынады;
2) әскерге шақырылушыларды тексеру әскери құралымға келген жері бойынша жиын пункттерінде және жас буында жүргізіледі. ПТР нәтижесін алғанға дейін жас толықтыру оқшаулауда болады;
3) биоматериал сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим мен ЖҚҚ-ны пайдалану талаптарын сақтай отырып, ведомстволық қызметтің оқытылған медицина қызметкері, сондай-ақ сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО-ның ақпараттық жүйесіне толтыра отырып және тиісті зертханаға СЭБК маманының жеке кабинетінен (http://lis.nce.kz/kkkbtu) жібереді;
4) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
5) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
6) бастапқы тестіленуші адамдарда оң нәтиже анықталған жағдайда тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана 2 сағат ішінде биоматериал жіберген аумақтық АД-ға телефон арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі 3 сағат ішінде беріледі;
7) зертхана зерттеу нәтижесін жіберген биоматериалға 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы береді.
25. Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдар:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының қызметкері жүзеге асырады;
2) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО ақпараттық жүйесінде толтырады және тиісті зертханаға СЭБК маманының жеке кабинетінен http://lis.nce.kz/kkkbtu) жібереді;
3) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы ақпараттық жүйеде болған жағдайда зерттелетін адам туралы барлық деректерді толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және жолдаманы тиісті зертханаға жіберуді қамтамасыз етеді;
4) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
5) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
6) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериал жіберген ұйымға телефон арқылы ақпарат қабылдап алған адамның аты-жөні мен лауазымын тіркеу арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
7) зертхана зерттелетін адамға 24 сағат ішінде зерттеу хаттамасын береді.
III. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тестілеуді ұйымдастыру
26. Медициналық-әлеуметтік және басқа да жабық мекемелерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т. б.) жаңадан келіп түсетін қамқорлықтағылар:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді денсаулық сақтау ұйымының, медициналық-әлеуметтік және басқа да жабық мекемелердің оқытылған медицина қызметкері қамқорлыққа алынушының келіп түсуіне қарай жүзеге асырады;
2) биоматериалды іріктеуді жүзеге асыратын медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтайды және тиісті ЖҚҚ-ны пайдаланады;
3) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
4) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
5) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде аумақтық АД-ға және биоматериал жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлай отырып, беру уақыты, ақпаратты қабылдаған Т. А. Ә мен лауазымы журналына тіркеп, одан кейін АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
6) зертхана биоматериал жіберген ұйымға 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасы беріледі.
27. Стационарға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар гемодиализдегі пациенттер:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады;
2) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес ақпараттық жүйеде толтырылған жолдамамен сүйемелденеді және жолдаманы тиісті зертханаға жіберу қамтамасыз етіледі. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда зертханаға биоматериалмен бірге жіберіледі;
3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
4) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериал жіберген ұйымға телефон арқылы ақпарат қабылдап алған адамның А.Т.Ә мен лауазымын тіркеу арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
5) зертхана биоматериалды жіберген ұйымға 12 сағат ішінде хабарлай отырып, электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасын береді. Интеграцияланған ақпараттық жүйе болған жағдайда зерттеу нәтижелері 3 сағат ішінде енгізіледі.
28. ҚАЖ мекемесіне түскен адамдар
1) биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын және ЖҚҚ-ны пайдалануды сақтай отырып, оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады.;
2) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
4) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдарда оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
5) зертхана ҚАЖ-дың биоматериалын жіберген мекемесіне 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасын береді.
29. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындаған эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша Контингент:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим мен ЖҚҚ-ны пайдалану талаптарын сақтай отырып, сондай-ақ сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО-ның ақпараттық жүйесіне толтырады және тиісті зертханаға СЭБК маманының жеке кабинетінен (http://lis.nce.kz/kkkbtu) жібереді;
2) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға № 31 қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
4) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ны телефон арқылы хабардар етеді, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
5) зертхана МСАК-да зерттеу нәтижесін ақпараттық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда пациенттің байланыста болған тұлғасының тұрғылықты жері бойынша 12 сағат ішінде хабарламамен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы береді. Интеграцияланған ақпараттық жүйе болған жағдайда зерттеу нәтижелері 3 сағат ішінде енгізіледі.
30. COVID-19 зерттеу жүргізетін зертханаға ақылы негізде жүгінген адамдар:
1) биоматериал сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып және ЖҚҚ пайдалану зертханасының мамандары жүзеге асырады;
2) ұсынылған нысанға сәйкес іріктеу жүргізілетін адамға жолдама ресімделеді;
3) ПТР әдісімен тестілеуді өткізетін зертхана оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ны телефон арқылы хабардар етеді, кейіннен АД 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттама береді;
4) зертхана зерттелетін адамға 24 сағат ішінде зерттеу хаттамасын береді;
5) АД пациенттің тұрғылықты жері бойынша МСАК-қа хабарлайды.
IV. 2-бөлім. ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексерудің оң нәтижесі болған жағдайлар туралы хабарлау
1. ПЦР әдісімен COVID-19 тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан, зертханалар 2 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және АД және ДСБ ұсынылған нысан бойынша есепті ұсынуы тиіс.
2. АД-ы СОVID-19 барлық жаңа жағдайларын есепке алуды және тіркеуді және аурудың нәтижесін тіркеуді жүргізеді.
3. Медициналық ұйым тексерген емделушілерде ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеудің оң нәтижесі анықталған жағдайда тестілеуді өткізген зертхана 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген медициналық ұйымға (бұдан әрі - медициналық ұйым) ақпаратты қабылдаған адамның Т.А.Ә. мен лауазымын беру уақыты журналына тіркеп, телефон арқылы хабарлайды.
4. Медициналық ұйым ПТР әдісімен СОVID-19 зерттеулерінің оң нәтижесі туралы зертханадан ақпарат алғаннан кейін 2 сағат ішінде АД және ДСБ аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
5. АД 2 сағат ішінде ҚДСҰО-ның жедел штабына және ЖАО-ға хабарлайды.
6. ҚДСҰО-ның жедел штабы 2 сағат ішінде өңірлер бөлігінде ақпарат жинағын жүргізеді және СЭБК мен ДСМ-ге хабарлайды.
7. АД және ДСБ деректерді салыстыру мақсатында өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
8. Сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы барлық деректерді және пациенттің электрондық жолдамасын ҰСО ақпараттық жүйесінде толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және СЭБК маманының жеке кабинетінен тиісті зертханаға жібереді (http://lis.nce.kz/kkkbtu);
ПТР реал-тайм әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуге жолдама
| Т.А.Ә | Толық |
| ЖСН | Міндетті |
| Туған күні | Толық кк/аа/ жжжж |
| Жынысы |
|
| Жасы |
|
| Нақты тұрғылықты мекенжайы | Толық |
| Байланыс телефоны |
|
| Оқу/жұмыс орны | Міндетті |
| Биологиялық материалдың типі |
|
| Материал немен өңделді | ______________________________________________ Сынаманы зерттеуге жіберген ұйымның атауы |
| Сынама іріктеу нәтижесі |
|
| Зерттелетін адамның мәртебесі (тиісті бөлімде көрсету) | |
| 1) эпидемиологиялық көрсетілім бойынша | |
|
Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша | Мыналардың шеңберінде анықталған жақын байланыс:
Мыналардың шеңберінде анықталған әлеуетті байланыс:
|
| 2) | |
|
|
басқалар ______________________ |
| 3) Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында | |
|
басқалар_____ |
|
| COVD - 19 клиникалық симптомдардың болуы |
|
| Материал жіберілді | _____________________________________ Сынама жіберілетін зертхананың атауы |
| Алуды жүргізген адамның Т.А.Ә.байланыс |
|
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
33-қосымша
COVID-19-ға тестілеу алгоритмі
І. SARS-CoV-2 коронавирус антигендерін анықтау үшін иммунохроматография әдісімен экспресс-тестілеу алгоритмі
1. Жалпы ережелер
1.1 SARS-CoV-2 антигендеріне иммунохроматографиялық экспресс-тест - бұл мұрын-жұтқыншақ жағындысында SARS-CoV-2 нуклеокапсидінің ақуызын анықтау үшін жоғары сезімтал моноклоналды антиденелерді пайдаланатын сапалы иммунологиялық талдау. Тест жолағында SARS-CoV-2 нуклеокапсидті ақуызға қарсы моноклоналды антиденелер бар коллоидты алтынмен біріктірілген бөлшектер бар;
1.2 SARS-CoV-2 коронавирусының антигендерін анықтауға арналған материал - тыныс алу жолдарының материалы (мұрын немесе мұрын-жұтқыншақтан алынған жағынды);
1.3 Антигендерді анықтау үшін экспресс тестілеуді (бұдан әрі - ЭТ) қолданудың ең жақсы нәтижелері симптом алдындағы (симптомдар пайда болғанға дейін 1-3 күн) немесе аурудың манифесттік (аурудың алғашқы 5-7 күні) сатысындағы пациенттерде байқалады;
1.4 ПТР-ге қолжетімді болмаған кезде SARS-CoV-2 вирусынан туындаған инфекцияны диагностикалау үшін мәндері ПТР референс тестімен салыстыру арқылы айқындалған, ≥80% сезімталдықтың және ≥97% ерекшеліктің ең аз сипаттамаларына жауап беретін ЭТ-ны пайдалануға жол беріледі;
1.5 ЭТ пайдаланып тестілеудің оңтайлы нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында оқытылған персонал ауру симптомдары пайда болған сәттен бастап алғашқы 5-7 күн ішінде өндірушінің нұсқаулықтарына қатаң сәйкес орындайды.
1.6 ЭТ пайдаланып скринингтен өткен пациенттерде бақылау тестілеуі үшін ПТР пайдаланып зерттеуді тағайындау кезінде материалдың үлгілерін 2 күннен аспайтын аралықпен жақын уақытта алу жүзеге асырылады.
2. Экспресс тестілеу мынадай санаттарға қолданылады:
2.1 Инфекция (өршу) ошақтарында жаппай тестілеу үшін ұйымдасқан ұжымдарда және жабық мекемелерде (мектептер, балабақшалар, балалар лагерлері, көрмелер, полиция, қарулы күштер, қамау орындары, қарттар үйлері, жатақханалар және т.б.). Аурудың өршуі кезінде ұжымдарда, әсіресе үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сырқаттанушылық серпінін мониторингтеу кезінде.
2.2 Пациенттерді COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдарда шұғыл емдеуге жатқызу кезінде;
2.3 ПТР тестілеуге қолжетімділік жоқ шалғай елді мекендерде.
3. Экспресс тестілеу:
3.1 стационарда төсек жанындағы тестілеу кезінде (РОСТ);
3.2 арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;
3.3 жедел медициналық жәрдем бригадалары немесе жылжымалы мобильді бригадалар үйде, мектептерде, балабақшаларда, балалар лагерлерінде, көрмелерде, полиция басқармаларында, қарулы күштер бөлімдерінде, қамау орындарында, қарттар үйлерінде, жатақханаларда және т. б.;
3.4 мамандандырылған шатырларда (кабинеттерде) немесе мобильді алу пункттерінде (СП немесе моб. БАП);
3.5 арнайы бөлінген және жабдықталған биоматериал алу пункттерінде орындалады.
4. Экспресс тестілеу:
4.1 аурудың расталған диагнозы бар пациентпен байланысу жағдайларын қоспағанда, аурудың симптомдары жоқ адамдарда;
4.2 ауру жағдайлары толық болмаған жағдайда немесе жекелеген жағдайлар болған кезде;
4.3 биологиялық қауіпсіздік және инфекциялардың профилактикасы мен инфекциялық бақылаудың (ИПИБ) қажетті шаралары іске асырылмағанда;
4.4 әуежайларда немесе шекарадан өту пункттерінде скрининг жүргізу мақсатында;
4.5 қан донациясы және жоспарлы емдеуге жатқызу алдындағы скрининг барысында қолданылмайды.
5. Биоматериалдың сынамаларын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құралдар мен материалдар:
5.1 экспресс-тест (компоненттер пайдаланылатын жиынтыққа байланысты ерекшеленуі мүмкін), оның ішінде ампуладағы экстракциялық буфер, үлгіні алуға арналған шыны түтікше, дозатор-қақпақ, стерильді тампондар, штатив;
5.2 секундомер
5.3 жұмыс үстелі
5.4 ашылғаннан кейін экспресс-тест 1 сағат ішінде қолданылады. Экспресс тестілеудің жалған нәтижелерін алуды болдырмау үшін диагностикалық процесті экспресс тест реагенттерінің жиынтығына арналған өндірушінің нұсқаулығына сәйкес үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығы кезінде жүргізген дұрыс.
5.5 SARS CoV2 вирусының антигендеріне иммунохроматографиялық әдіспен экспресстестілеуге арналған реагенттер жиынтығы бөлме температурасында немесе 2-4 °С тоңазытқышта сақталады (реагентті сақтау жөніндегі ұсынымдармен нұсқаулықта танысуға болады). Мұздатып қатыруға болмайды (тесттің жалған теріс нәтижелерін алуды болдырмау үшін)!!!
5.6 егер экспресс тестілеуге арналған реагенттер жиынтығы тоңазытқышта сақталған жағдайда, зерттеу алдында жинақты бөлме температурасында 1 сағат ұстау қажет.
6. Материалды алу және тестті экспресс әдіспен орындау (қолданылатын экспресс-тестке байланысты):
6.1 Биоматериалдың сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлерінің) медицина қызметкері жүзеге асырады;
6.2 Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады;
6.3 Жағындылардың үлгілері тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс, оқу, қызмет орны бойынша және т. б.) синтетикалық материалдан жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен (мысалы: полиэстер немесе дакрон) пластикалық стерженмен алынады;
6.4 Биоматериал сынамаларын әрбір алу алдында медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді, алу ЖҚҚ-да жүзеге асырылады;
6.5 Материалды алу алдында медицина қызметкері тестті орындау үшін қажетті құралдар мен материалдарды дайындайды;
6.6 Персонал бетіне мөлдір қорғаныш экранын киюі тиіс, өйткені пациенттің мұрын-жұтқыншағынан сынама алу кезінде рефлекторлық түшкіру немесе жөтел болуы мүмкін;